Басшылық

Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы

Алматы технологиялық университетінің президенті

Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия, органикалық катализ» мамандығы бойынша бітірген. Катализ және техникалық химия кафедрасында зерттеуші-тағылымгер қызметін атқарып, 1969 жылы аспирантураға түскен. 1972 жылы аспирантураны сәтті аяқтап, «химия ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін иеленген. 1972-1980 жж. Қ.С. Құлажанов химиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, сосын – Қазақ көлік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының пайдаланылатын материалдар мен химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1980-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының (ЖЖТӨТИ АФ) ғылыми-зерттеу секторының бастығы, филиал директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Аналитикалық, физикалық және коллоидтік химия» кафедрасының меңгерушісі, нан өнімдері және тоқыма өнімдерінің технологиясы факультеті деканының орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және 1994 жылдан бастап ЖЖТӨТИ филиалының директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына ректоры болып тағайындалды. 1999 жылдан 2014 жылға дейін Алматы технологиялық университетінің ректоры болып қызмет атқарды. 2014 жылдан – Алматы технологиялық университетінің президенті.

Қ.С. Құлажанов – Химия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Мәскеу тағам өндірісі мемлекеттік академиясының және Андонг Ұлтық университетінің (Оңтүстік Корея) Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылым академиясының және Халықаралық инженерлік ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жоғары мектебінің және Халықаралық ғылым академиясының жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі.

Қ.С. Құлажановтың авторлығымен 495 ғылыми еңбек жарық көрді, олардың қатарында 29 оқулық мен оқу құралы, 5 монография, 54 авторлық куәлік пен патенттің иегері. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидаты даярланды. Қ.С.Құлажановтың аса іргелі еңбектері үш рет қайта басылған екі томдық ЖОО-ларға арналған «Аналитикалық химия» (қазақ тілінде) оқулығы: 1-ші том – «Талдаудың химиялық әдістері» және 2-ші том – «Талдаудың физика-химиялық әдістері», сонымен қатар ЖОО-ларға арналған «Физикалық және коллоидтық химия» оқулығы, ЖОО-ларға арналған қазақ тіліндегі «Биоорганикалық химия» оқулығы мен «Мұнай өңдеу үдерістерін жетілдіру» оқулығы және т.б. бар.

Қ.С. Құлажанов – Ғылым мен жоғары техникалық білімнің белсенді ұйымдастырушысы, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары талап қоятын, оқыту үдерісі мен ғылымды ұштастыруға байланысты мәселелерді тұжырымдап, шеше алатын, зерттеулерді халықаралық деңгейдің басым бағыттарына шығаруға шаралар қолданатын іскер тұлға.

Оның басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстардың көлемі жылдан жылға ұлғайып, кафедралық зертханалар мен кабинеттерді заманауй құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу үдерісін жалпыәлемдік кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру, университеттегі оқу және ғылыми үдерісінің әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейі өсе түсуде. Қ.С. Құлажановтың басшылығымен университетте күшті материалдық-техникалық база құрылған, академиялық және қолданбалы ғылымның өндіріспен байланысы нығайып келеді, жылдан жылға профессорлар мен оқытушылардың сапалы құрамы артып, ғылыми-білім бері қызметінің кітапханалық-ақпараттық қамтасыз етілуі, ғылыми және оқу зертханалардың заманауй құрал-жабдықтармен жабдықталуы жақсарып келеді. Алматы технологиялық университеті бүгінде тағам, өңдеу өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлық және қызмет көрсету индустриясы салалары үшін мамандарды, қызметтің инновациялық саласы үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауда республикадағы мамандандырылған жетекші ЖОО-ға айналды.

Қ.С. Құлажановтың жоғары кәсіби білім мен ЖОО ғылымын дамыту, жоғары білікті кәсіби және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы аса зор еңбегі Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және марапаттарымен аталып өтілген, атап айтқанда: «Құрмет» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағымен; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі» Төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен; «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

 

Құлажанов Талғат Құралбекұлы

Алматы технологиялық университетінің ректоры

Талғат Құлажанов Құралбекұлы 1984 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі инсититутына түсіп, 1991 жылы «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның технологиясы» мамандығы бойынша «инженер-технолог» мамандығын алып шықты.

2001 жылы «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ал 2005 жылы «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесіне бекітілді және «Дәнді, бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс-көкөніс өнімдерін және жүзім шаруашылығын өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 2006 жылы – доцент, 2007 жылы – профессор дәрежесін алды.

2007 жылы Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының академигі болып сайланды (IATE, Германия), Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент – мүшесі (Ресей, 2010 ж.), Халықаралық Инженерлік академиясының академигі (Ресей, 2011 ж.), ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі (2012 ж.), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (2012 ж.), Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры (2008 ж.), Еуропа Ректорлар клубының мүшесі (2008 ж.).

Марапаттары:

– 2005 ж. – Шаптальдің Алтын медалі (Франция), іскерлік тәжірибедегі Жоғары сапасы үшін халықаралық қордың Алтын медалі (Швейцария).

– 2015 ж. – «Бейбітшілік әлемі» Алтын медалі, Ұлыбритания Оксфорд Академиялық Одағының мүшесі, Кеден одағы елдерінің Құрметті азаматы (Ресей), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдары,ҚР БҒМ Құрмет грамотасы – 2015 ж, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты, Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің қолы қойылған Алғыс хат (2015).

– 2016 ж. – «Құрмет» ордені, ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісін алды.

Ол 183-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 48 монография мен оқулық, 24 патент, 111 ғылыми мақала және конференция материалдары бар.

Т. Қ. Құлажанов PhD және магистрлерді дайындау бойынша АТУ Халықаралық бағдарламалары басшыларының бірі. ТЕМПУС бағдарламасы аясында Манчестер метрополитен университетімен, Гринвич университетінің табиғи ресурстар институты (Ұлыбритания), кәсіптік білім беру Ларенштейн университеті (Нидерланды), Андонг ұлттық университеті және Конкук университеті (Оңтүстік Корея), қашықтықтан оқыту орталығы (Ұлыбритания), Ресей ЖОО-мен – Мәскеу мемлекеттік Тамақ өндірісі университеті, Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық университеті, Мәскеу мемлекеттік технология және дизайн университетіммен ғылыми зерттеулер жүргізді.

Құлажанов. Т.К жас ғалымдардың ғылыми жұмысына басшылық жасайды, тамақ өнеркәсібі, инвестициялық қызметті басқару саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. 20 жылдан астам ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.

 

Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы
Бірінші проректор

Бірінші проректор

Email: info@atu.edu.kz
Телефон: +7 (727) 293-52-95

1967 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Фурманов орта мектебін күміс медалімен бітірген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітіріп, ҚазКСР Ғылым академиясы Математика және механика институтында жұмыс істеді. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Механизмдер және машиналар теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау арқылы күндізгі аспирантураны бітірді. 1994-2000 жж. – ҚР БҒМ Механика және машинатану институтының ғылыми, аға ғылыми және бас ғылыми қызметкері. 1999 жылы «Механизмдер және машиналар теориясы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 2000-2002 жж. – Алматы технологиялық университетінің «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі. 2002-2010 жж. – Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2010-2011 жж. – Алматы технологиялық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, 2011-2013 жж. – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, 2013 жылдан – бірінші проректоры.

Нұрахметов Б.Қ. 100-ден астам ғылыми еңбектер жариялаған, соның ішінде 6 монография, 2 оқу құралы; 15 авторлық куәліктер мен патенттерге ие. Дарынды жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми шәкіртақысына үш мәрте ие болған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2013); Қазақстан Республикасы Бизнес-рейтингісінің «Сіңірген еңбегі мен табыстары үшін» медалімен (2014); ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2011) марапатталған. «Жоғары мектеп менеджменті» курсынан өткені туралы сертификаттың (2011); «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу орындарына бейімделуі» тақырыбындағы Жазғы мектепті аяқтағаны туралы сертификаттың (2012); «Қазіргі заманғы жоғары оқу орнын басқару стратегиясы» атты семинарда оқудан өткені туралы сертификаттың (2012); KIMEP университетінің халықаралық конференциясына қатысқаны туралы сертификаттың (2012) иегері.

2000-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Жас ғалымдары кеңесінің төрағасы. 2000-2003 жж. – ҚР ҰҒА Төралқасының және ҚР БҒМ Алқасының мүшесі. 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. Оның ғылыми жетекшілігімен бес кандидаттық диссертациялар қорғалған.

 

Байболова Ляззат Кемербекқызы

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

1989 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы, ұйымдастыру және қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылдан бастап Алматы технологиялық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарады.

1998 жылы «Ақуызды пайдаланып, жылқы еті өнімдерінің технологиясын әзірлеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2000-2004 жылдары – АТУ-да тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болып қызмет етті.

2007 жылы «Тұтас және аралас дайындалған ет өнімдерінің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2008, 2010-2012 жылдары – АТУ Технология-экономикалық колледжінде директор қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, 2013-2014 жылдары – «Өндірістік үдерсітерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, 2014-2016 – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, 2016-2019 жылдары – «Тағам өндірістері» факультетінің деканы болып қызмет етті.

2019 жылдан бастап – АТУ-да оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады.

Байболова Л.К. 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография, 3 оқу құралы, 11 авторлық куәлік және патенттері бар. Ол дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен (2013), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалімен (2017), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағымен марапатталған (2016). Оның ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.

 

Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы

Тәрбие ісі жөніндегі проректор

 

Алиев Баходир Азимджонович

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

1972 жылы 24 қаңтарда Өзбек КСР-нің Самарқанд қаласында дүниеге келген. 1994 жылы А.Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің физика факультетін теориялық физика мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың физика факультетінің Қатты дене физикасы кафедрасына аспирантураға түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың аға оқытушысы қызметіне қабылданды. 2000 жылы «Ұсақ дисперсті металл орталарда радиациялық нүктелік ақаулардың жинақталу процестері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2000 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың желтоқсан айына дейін деканның тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін ҚазҰУ физика факультетінің желілік үдеткіш зертханасын басқарды. 2008 жылдан 2010 жылдың маусымына дейін ҚазҰУ физика факультетінің қатты дене физикасы кафедрасын басқарды. 2010 жылдан 2012 жылдың маусымына дейін ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы болды. 2010 жылы конденсацияланған күй физикасы мамандығы бойынша «Дисперсті металл орталарда және полимерлерде радиациялық ақаулардың жинақталу кинетикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2013 жылдың шілде айынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Жоғары математика және физика кафедрасының меңгерушісі, Ақпараттық технологиялар және инжиниринг факультетінің деканы және АТУ ОӘЖ жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.

2001-2003 жылдардағы талантты жас ғалымдар стипендиясының, ҚР БҒМ-ның 2012 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері және ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ғылыми қызығушылығы қатты дене физикасы, радиациялық физика, наноөлшемді металл ұнтақтарының құрылымын зерттеу. Б.А.Алиев Республикалық және Халықаралық басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Германия, Түркия және Сингапурде өткен конференциялар мен тағылымдамаларға қатысқан.

 

Ердінбеков Болат Садықұлы

Әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз